Колледж туралы мәлімет

        «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК

        «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК, ОҚО бойынша жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша жұмысшы кадрларын дайындайтын базалық колледж болып табылады. Колледж 1966 жылы құрылған. 26.04.2017ж. №KZ48LAA00006903 мемлекеттік лицензиясы негізінде кәсіптік білім береді.
Дайындайтын мандықтары:
1. 1211000 – «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу».
Біліктіліктері: 1211062 -«Арнайы тігінші»,
1211072- «Модельер-пішуші»
1211032-«Тігінші»
2. 1209000-Тоқу өндірісі (түрлері бойынша)
Біліктілігі:1209012 – «Тоқушы».
Колледжде 19 оқу дәрісханалары мен 9 оқу-өндірістік шеберханалар жұмыс жасайды.
Колледж директоры – Тагаева Гульмира Жапбаровна. Колледжде барлығы 35 топта 821 студент білім алады, оның ішінде 53 студент ерекше білімді қажет ететін саңырау, құлағы естімейтін ІІ топ мүгедектер, ИЧ 167/4 түзету мекемесінде 50 тәрбиеленуші бар, дуальдық білім беру жүйесі бойынша 213. Суденттердің білім алуларына толық жағдай жасалған, колледжде 120 орынды асхана жұмыс жасайды, жатақхана қарастырылмаған. Штаттық кестеге сәйкес ұжымда 77 педагог, оның 38-ден астамы жоғары және бірінші біліктілік санаттағы педагог қызметкерлер.
2014 жылдан бастап колледж эксперимент алаңшасы ретінде танылып, дуальды оқыту жүйесі енгізілсе, 2016 жылдан бастап оқу тәрбие жұмысы модульдік-құзіреттілік оқыту жүйесі негізінде білім беруде. Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» негізінде 340 қатысушы қысқа мерзімді қайта даярлау курсынан өтіп, қазіргі таңда өңіріміздің тігін өнеркәсібі саласында жұмыс жасауда. Аталған бағдарлама негізінде 2017-2018 оқу жылына 218 білім алушы қабылданды.Студенттер бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған.

  Материалдық – техникалық база саны
Колледж ғимаратының жалпы  алаңы Алаңы –   5160,7м2
Оқу корпустарының саны 3
Жатақхана
Оқу шеберханаларының саны 9
Оқу дәрісханаларының саны 19
Интерактивті тақталы дәрісханалар 11
Комьпютерлердің қолданыстағы  саны 72
Спортзал 1
Акт залы 150
Кітапхана 1
Оқу залы 2
Асхана 150
Интелектуалдық ойындар клубы 1

2013 жылы өндірістік шеберханалар заман талабына сай толық жаңартылған:
– 184 дана өндірістік  тігін машиналары;
– 42 дана булау үтіктеу столі;
– 6 дана өндірістік пресс;
2013 оқу жылы 47 527,0 мың теңгеге «А»  оқу ғимараты мен асхана және спорт залы күрделі жөндеуден өткізілді.
2017-2018 оқу жылы кітіпхана қоры 2285 дана кітаппен  жаңартылып, жалпы кітап қоры –   33 765 дананы құрады.2017 жылы  42 орынды  ПАЗ – 32054  маркалы автобус алынды.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, дуалды оқыту жүйесі негізінде облыстағы жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындармен келісімшарттар жасалынып, нәтижесінде бітірушілер түлектер толық 100 пайыз жұмыспен қамтылған. 

Біздің әлеуметтік серіктестер:

 

ОҚО Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, дуалды оқыту жүйесі негізінде облыстағы жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындармен келісімшарттар жасалынып, нәтижесінде бітірушілер түлектер толық 100 пайыз жұмыспен қамтылған.
Біздің әлеуметтік серіктестер:
1. ЖШС «АГФ групп»-
2. ЖШС «SABTEX»-
3. ЖШС «Томирис»- 
3. ЖШС «Арайлы»-
4. ЖШС «KAZPLAST»- 
5. ЖШС «Жанаталап-МТ»- 
6. ЖШС «Alatex»- 
7. ЖШС «Azala Textile»- 
8. ЖШС «Golden Nomad»- 
9. ЖК «Тастемирова»- 
10. ЖК «Жаксыбаев»- 
11. ЖК «Курбаналиев»- 
12. ЖШС «Шымкент Кашемир»
13. ЖШС «Әлем-БТ» – 
14. ЖШС «БалТекстиль»- 
15. ЖК Сарымсакова – 
16. ЖШС «СнабЛидер»- 
17.ЖШС «SANTEX» тігін фабрикасы – 
18. «Көмек – Болашақ»-
19. ЖШС «DALA-CONSTRUCTION.KZ» тоқыма фабрикасы

 

2. Астана қаласында өткен «World Skills Kazakhstan – 2016» ұлттық чемпионатына Мурзахметова Юлдуз Оңтүстік Қазақстан облысынан «Киім дизайны» құзіреттілігі бойынша қатысып, І орынды иеленді.
3. 2017 жылдың 15-19 мамыр аралығында Ресейдің Краснодар қаласында орта кәсіптік білім мекемелерінің 18 бен 22 жас білім алушылары арасындағы «World Skills Russiа – 2017» халықаралық стандартқа сәйкес, кең ауқымды V ұлттық чемпионаты өткізілді. 5 модульден тұрған бұл сайысқа 109 құзіреттілік бойынша Қазақстан және Еуразия елдері мен ТМД елдері және Ресейдің 85 федерациясының орта кәсіптік ұйымдарынан 1200 білім алушы қатысты. Қазақстаннан қатысқан 21 құзіреттіліктің ішінен «Сән технологиясы» құзіреттілігі бойынша колледж шәкірті – Мурзахметова Юлдуз ІІІ орынды иеленді.
4. 2017 жылы XIII Ұлттық жастар дельфийлік ойындарының облыстық байқауына №5 колледждің арнайы топ білім алушылары І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды.
5. Астана қаласында өткен ҚР БжҒМ «Өз кәсібінің үздігі» Республикалық байқауында «Үздік тігінші» номинациясы бойынша өндірістік оқыту шебері М.Абдраманова І орынды иеленді.
6. Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен «ЭтноFashion» Республикалық фестивалінде колледж ұжымы жеңімпаз атанды.
7. «ЖІБЕК ЖОЛЫ АЙШЫҚТАРЫ – 2017» ұлттық киім дизайнерлерінің көрме-байқауынан №5 колледж шебері Ж. Досалиева І орын иеленді.