Социально-педагогическая и психологическая служба

Тренинг тақырыбы: «Менің жан дүнием»

Тренинг мақсаты: білім алушылардың өмірге құштарлығын арттыру, мейірімділікке, татулыққа баулу.

Тренинг барысы: «Сырлы сурет» Ынтымақтастық атмосферасы;
«Менің жақсы қасиеттерім»;
«Өмір деген не?» жаттығуы;
«Сергіту сәті» ;
«Кім қалай ойлайды?» жаттығуы;
«Қалағаныңша….» медитация;
«Бос орындық» рефлексия.

«Сырлы сурет» жаттығуы:
Психолог: Құрметті тренингке қатысушылар. Қазір бәріміз ортаға шығып, алдарыңызда тұрған суреттен біреуін алып, берілген суретке қарап бүгінгі күнге тілек айтуыңыз керек.

«Өмір деген не?» білім алушылар өмір туралы психологтың қойған сұрағына жауап берулері керек. (Өмір, өмір әні жаймен айтылып тұрады.)

«Сергіту сәті» Акула ойыны

«Кім қалай ойлайды?» білім алушылар өмір туралы, өмірдің құндылығы жайында эссе жазып шығады.

«Ыстық орындық» жаттығуында білім алушылар тренингтен алған әсерлерін кезектесіп айтып шығулары керек.

Психолог: Білім алушылар бүгінгі тренингіміз осымен аяқталды. Өмірдің кереметі өте көп, ең бірінші өзіңнің өмірін өз қолында екендігін еш уақытта ұмытпаңдар. Сендер мына өмірге тек бақытты болу үшін жаралғансыңдар. Тренингке қатысқандарыңыз үшін улкен рахмет! Сау болыңдар!

«Барлық әлем мен үшін» дөңгелек үстел

Мақсаты:
1. Өмірге деген бейімділік, табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру.
2. Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, олардың алдын-алу.
3. Бір-бірімен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
4. Қайырымдылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Міндеті:
– Білім алушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;
– Білім алушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.

Шыныменде, өмір бір күні бір күніне ұқсамайтын ерекшелігімен қымбат. Мына өмірдің әсем гүлдері мен шуақты күндері тек қана біз үшін арналған. Олай болса «Барлық әлем біз үшін» тақырыбында өздеріңмен ой бөлісер дөңгелек үстелге қош келдіңіздер дегім келеді.
Сұрақ- жауап.
• Өмір дегенді қалай түсінесің?
• Өмір саған несімен қымбат?
• Өмірге қайта келсең, қандай адам болар едің?

Ой қозғау
«Тәубеңе кел» видео ролигі.
Өздеріңіз куә болған жағдайдан саналарыңызға не түйдіңіздер?
Болған жағдай сіздерге қалай әсер етті?
(білім алушылар өз ойларын кезектесе отырып, айтып шығады)

«Дән көтерген құмырсқаға тимеңдерші, алысқаны өмір ғой, өмір сондай абзал ғой»
Фирдоуси.

«Өмірдің алды-ыстық, арты суық
Алды ойын, арты жағы мұңға жуық»
Абай.

«Өмірді сүйсең уақытты оздырма, ол тіршілк арқауы»
Венналин Франклин.

«Өмір – теңіз,
Өтіп кетем демеңіз,
Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз» Рудаки.

Қорытынды:
Өмір, өмір… Осы бір төрт әріптен ғана құралған сөзде үлкен мән мағына жатыр десеңізші….
Өмірдің қиыны мен қызығы да, қуанышы да, нұрын шашқан шуақты күндері де тек біздер үшін жаралған. Өз ойларыңды бөлісіп, пікір білдіргендеріңіз үшін рахмет, сау болыңыздар!

Тренинг тақырыбы: «Өмірдің өзі»
Тренинг мақсаты: Білім алушылардың өмірге деген құлшынысын арттыру, өмір туралы түсініктерін кеңейту, өмірді түсінуге баулу.

Тренинг барысы: Жағымды ахуал орнату;

топқа бөлу;

«Жаңа күн» жаттығуы;

«Айтуға оңай» жаттығуы;

«Алаң» жаттығуы;

«Ой жүйрік» жаттығуы;

«Көзқарас» жаттығуы;

Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен бастап, осы күнге дейінгі жүрген жолы… Өмір былайша алып қарағанда төрт-ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау сөзге қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады. Бір ағамыз: «Өмір – сырын білгізбейтін тентек ат секілді, қай жағыңнан келіп тебетінін білмей де қаласың» деген екен. Иә, шынында да солай. Басқаша алып қарағанда өмір шеті де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол өзенде ақырын жүзген қайықпыз. Олай болса, Өмір адамға бірақ рет беріледі. Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірде бір-бірімізбен тек сыйласып өткенге не жетсін.

«Жаңа күн» жаттығуы
Құрметті білім алушылар, қазір бәріміз орнымыздан тұрып, жұп болып, қалаған адамыңызға қайырлы таң тілеп, жаңа күнге жаңа тілек тілеңіз. Енді топқа жаңа күнге тілеңіздер. Барлығыңызға рахмет, орындарыңызға жайғасуларыңызға болады.

Тренинг тақырыбы: «Сенімділік жетелер биіктерге»

Мақсаты:
– мұғалімдердің өзіне деген сенімділігін арттыру;
– топтық жұмыстарды ұйымдастыруға үйрету;
– мұғалімдерге бірлесе жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Нәтиже:
– Мұғалімдер өзіне сенімді болуға үйренеді;
– Топтық жұмыс жасауды меңгереді.

Тренинг барысы:
1. Көңілді атмосфера құру
2. Дастархан жаттығуы
3. «Біздің ұжым» арттерапия
4. «Шың басына шығу»
5. «Ашығын айтсам»…(кері байланыс)

Ұстаз, ұстаз…
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық,
Әль-Фараби,Ыбырай мен Ақанды,
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы қып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылымен емдейтін.
Болсадағы малға кедей өмірде,
Бар байлығым, шәкірттерім сен дейтін.

«Дастархан» жаттығуы

Мақсаты: мұғалімдер арасында ынтымақтастық атмосферасын құру, бірлесе жұмыс істеуге баулу.

Нұсқау: сіздерге плакаттар, түрлі-түсті қағаз және қалам, бояғыштар таратылады.
Осы заматтарды пайдаланып, өз тобыныздың дастарханын жасап шығуларыңыз қажет.

«Біздің ұжым» арттерапия
Нұсқау: Сіздерге плакат және түрлі-түсті қаламдар таратылады. Топпен бірлесе отырып, өз ұжымыңызды қалай бейнелейсіз сол ойларыңызды плакат бетіне түсіресіздер.

«Шың басына шығу» жаттығуы

Ұжымның биіктерден көрінуі, жақсылық ошағы болуы, толағай табыстарға қол жеткізуі ондағы еңбек ететін ұстаздар қауымына байланысты екені анық. Олай болса, құрметті әріптестер, біз қазір бірлесе отырып, шың басына шығу жолын қарастырып көрейік. Бізге шың басына шығу үшін қандай қасиеттер керек, қандай қасиеттерді бізге алып тастауымыз керек? Алдарыңызда тұрған плакатқа сол қасиеттерді жазып шығыңыздар.

Шың басына шығуға кедергі келтіретін бойымыздағы жағымсыз қасиеттерді қағаз бетіне түсіріңіздер. Сол қасиеттерді майда бөлікке бөлеміз. Сонымен біз өзімізге сенімділігіңіздің арқасында жағымсыз қасиеттерімізді жеңіп, әрқашан күндей жарқырап жүрейік деген оймен майдаланған парақтың шұғыласы шашылған күн бейнесін салайық.

Рефлексия «Ыстық орындық жаттығуы»

Сіздерге бүгінгі тренингте не ұнады?
Сіздерге бүгінгі тренингте не ұнамады?
Ұстаздарымыз арманға жетелейтін,
Ұстаздармыз шәкіртін мәпелейтін.
Ұстаздармыз білім берер сапалы,
Ұстаздармыз адалдыққа тәрбиелейтін.

Құрметті әріптестер. Бүгінгі тренингке қатысқандарыңыз үшін үлкен рақмет. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім және жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады. Сіздермен «Сенімділік жетелер биіктерге» атты тренингте бас қосып отырмыз. Сіздермен жұмыс жасайтынымызға қуаныштымыз!

Тренинг тақырыбы: «Өмірдің ғажап сәттері»

Тренинг мақсаты: ата –аналар өмір туралы ойларын білу, жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу.

Тренинг барысы: «Өмір деген….» ата-аналар өмір туралы жақсы ойлардан кезектесіп айтып шығады.

Топқа бөлу: Жыл мезгілдері арқылы ата-аналар топқа бөлініп отырады.

«Сыйлық сыйла» жаттығуы

Ортаға бір қатысушы шығып келесі қатысушыға сыйлық сыйлайды. Әрекет вербальді емес, қарым-қатынас арқылы жүреді. Сыйлық алған адам, қандай сыйлық алғанын және қандай көңіл-күйде болғанын айтып беруі керек. Жаттығуы қатысушылардың тілегі бойынша жалғасады.

«Ең, ең» жаттығуы

Қатысушалар ортаға шеңбер болып орналасады. Психолог үлестірме парақтарын тарқатып береді, ал қатысушалар парақтағы сөйлемдерді жалғастыруы керек.

1. Мен үшін ең үлкен сыйлық ….
2. Менің ең бақытты сәтім …
3. Маған мына өмірдегі басты байлық…
4. Мен үшін теңдесі жоқ, ол….
5. Менің ең қызық оқиғам…
6. Менің балалық шағымнан есімде қалған ең қызықты күн…
7. Маған баламның ерекше ұнайтын қасиеті…
8. Мен үшін балаларым…
9. Мен қайтадан дүниеге келсем…
10. Мен үшін ең қуаныштысы…
11. Маған өмірде ұнайтыны….
12. Отбасымдағы бақытымды мен балар едім…
13. Егер менің балаларым көп болса….
14. Егер менің қолымда бақыт кілті болса…
15. Мен бақытты боламын, егер де….
16. Мына өмір керемет, себебі….
17. Балаларымның бақыты үшін….

«Кім бәрінен көп мақтайды?» жаттығуы

Нұсқау: қазір топ болып балаларыңызды мақтап шығасыздар. Кім көп мақтайтынын анықтап, жеңімпаз қатысушыға сыйлық береміз.
Мақсаты: ата аналар көп жағдайда бала тәрбиесінде ауыр сөздерді қолданады. Баланың бойында теріс қылықтар көрініс тауып, ол қателікке ұласуы мүмкін. Ата-аналарды жылы сөйлеуге, баланың жанын түсініп, мадақтау арқылы тәрбиелеуге баулу.

«Келесі кездескенше»жаттығуы

Ата-аналар тренинг соңында тренингтен алған әсерлерін жазып, келесі кездескенше деп тілектерін білдіреді.
Құрметті ата-аналар! Бала тәрбиесінде керуен көшінен кеш қалмайық. Бүгінгі тренингке уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңізге үлкен рахмет!