Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі – Қазақстанның үздік 20 колледжінің тізіміне кірген, ИИДМБ шеңберінде жұмыс жасайтын және өңірлік құзіреттілік орталықтарын ұйымдастырушы, ОҚО бойынша өнеркәсіпке тігінші кадрларын дайындайтын базалық колледж болып табылады.
Біздің миссиямыз – жеңіл өнеркәсіпке білімді, білікті, бәскеге қабілетті маман дайындау.
Колледж тәлімгерлік дәстүрді ұстанып, қазыналы тарихын сақтап келеді. Егер де сіз жақсы техникалық және кәсіптік білімді меңгеріп, сән және тоқыма әлемінде кәсіби маман атанғыңыз келсе, сізге колледж «Мамандық бойынша үздік» болуға жаңа серпін беріп,
“World Skills” халықаралық байқауында жеңімпаз атануға жағдай жасайды.
Сіз қызықты да қайырымды істермен айналысып, түрлі жобаларға қатысқыңыз келе ме? Сән әлемі жаңалықтары туралы үнемі хабардар болып, тоқу мен тігін өнерін үйренгіңіз келетін шығар? Өзіңіздің шынайы бейнеңізді жасағыңыз келе ме? Осы сұрақтардың жауабын біздің (5 college.kz) сайтымыздан таба аласыздар.
Біздің сайтымызға қош келдіңіздер! Сіздерге өмірде лайықты орындарыңызды тауып және өз ісіңіздің кәсіби маманы болуларыңызға тілектеспін!
Болашақ – кәсіби мамандардың қолында!
Колледж директоры.